Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Опубликовано:

Қауіпсіздік кеңесінің отырысы
Қауіпсіздік кеңесінің отырысы. Фото: Ақорда

Бүгін мемлекет басшысының төрағалығымен Ақордада Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысы өтті, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі ресми сайтында.

Жиында Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясы 77-сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркке барған сапарының және бірқатар мемлекеттің басшыларымен, БҰҰ басшылығымен, АҚШ іскер топтарымен кездесулерінің қорытындысы аясындағы халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері қарастырылған.

Отырыс соңында президент бірқатар тапсырма берген.

Еске сала кетейік, 19 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Нью-Йоркке барды.

Сапар барысында президент америкалық ірі компаниялардың басшыларымен, жаһандық қаржы институттарының жетекшілерімен, әлемнің жетекші технологиялық компанияларында жұмыс істеп жатқан 400 қазақстандықты біріктіретін Digital Nomads IT қоғамдастығының өкілдерімен кездесті.

Сондай-ақ БҰҰ Бас ассамблеясы 77-сессиясының жалпы дебатының ашылуында сөз сөйледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1989148-toqaev-qauipsizdik-kenesinin-otyrysyn-otkizdi/