Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент сайлауы: Мейрам Қажыкен кандидаттардың ішінде бірінші болып ОСК-ға құжат тапсырды

Опубликовано:

Мейрам Қажыкен
Мейрам Қажыкен. Фото: aiu.kz

Орталық сайлау комиссиясы "Аманат" Қазақстан кәсіподақтарының достастығы" республикалық кәсіподақтар бірлестігі атынан Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде ұсынылған Мейрам Қажыкен құжаттарын тапсырғанын хабарлады.

Мейрам Қажыкен өзін Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде тіркеу үшін Орталық сайлау комиссиясына келесі құжаттарды тапсырған.

Олар:

1. "Аманат" Қазақстан кәсіподақтарының достастығы РКБ жоғары органы отырысының Қазақстан Республикасының президенттігіне ұсыну туралы хаттамасынан үзінді;

2. М.З. Қажыкеннің Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат болуға келісімі туралы өмірбаяндық деректері қоса берілген өтініші;

3. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат;

4. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

5. Жоғары білім туралы дипломдардың көшірмелері.

Айта кетейік, Мейрам Қажыкен 1961 жылы 5 сәуірде дүниеге келген. Жұмыс өтілі-15 жыл. Бүгінде Мейрам Қажыкен "Заманауи қоғамды зерттеу институтын" басқарады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1991003-prezident-sailauy-meiram-qazyken-osk-ga-quzattaryn-tapsyrdy/

pixel