Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақ жол" партиясы да президенттікке Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды

Опубликовано:

"Ақ жол" партиясының логотипі
"Ақ жол" партиясының логотипі. Фото: Facebook.com/aqjolpartiyasy

"Ақ жол" партиясының съезінде депутаттар мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттікке кандидатурасын қолдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Ақ жол" партиясынан президент сайлауына қатысу үшін барлығы төрт кандидат ұсынылған. Олар:

  • Жетісу облысынан журналист Сандуғаш Дүйсенова;
  • Мәжіліс депутаты Серік Ерубаев;
  • "Ақ жол" Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Асқар Садықов;
  • Сонымен бірге партия мүшелері қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынған.

Жасырын дауыс беру үшін съезд делегаттарына 126 бюллетень берілген. Есепте 120 бюллетень болды.

Дауыстар келесідей бөлінді:

  • Жетісу өңірінің журналисі Сандуғаш Дүйсеноваға – 11 дауыс;
  • Мәжіліс депутаты Серік Ерубаевқа – 23 дауыс;
  • "Ақ жол" Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Асқар Садықовқа – 17 дауыс;
  • Қасым-Жомарт Тоқаевқа – 74 дауыс берілген.

Осылайша, "Ақ жол" партиясы президенттікке Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдаған.

Еске салайық, бұған дейін Amanat партиясы Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынған болатын.

Сондай-ақ "Қазақстан халық партиясы" Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде мемлекет басшысын ұсынған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1991418-aq-zol-partiyasy-da-prezidenttikke-toqaevtyn-kandidaturasyn-usyndy/

pixel