Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан президенттігіне кандидат етіп ұсыну туралы құжаттар ОСК-ға тапсырылды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан президенттігіне кандидат етіп ұсыну туралы құжаттар Орталық сайлау комиссиясына жіберілді, деп хабарлайды ОСК ресми сайты.

Бүгін, 7 қазанда Орталық сайлау комиссиясына Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат етіп ұсыну туралы келесі құжаттары ұсынылды:

  • Amanat партиясы, Қазақстан Халық партиясы, "Ақ жол" Қазақстанның Демократиялық партиясы", "Ардагерлер ұйымы", "Qazaqstan team", "Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі", "Генералдар кеңесі", "Қазақстандық спортшылар одағы" республикалық қоғамдық бірлестіктерінің жоғары органдары отырыстарының Қазақстан Республикасының Президенттігіне ұсыну туралы хаттамаларынан үзінді көшірмелері;
  •  Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат болуға келісімі туралы, өмірбаяндық деректері қоса берілген өтініші;
  •  Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат;
  • Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • Жоғары білімі туралы дипломдардың көшірмелері.

Еске сала кетейік, кеше Халықтық коалиция мемлекет басшысы лауазымына Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынған болатын. Тоқаев президенттік сайлауға Халықтық коалициядан қатысуға келісім берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1991698-qasym-zomart-toqaevty-qazaqstan-prezidenttigine-kandidat-etip-usynu-turaly-quzattar-osk-ga-tapsyryldy/

pixel