Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұматай Әлиев президенттікке кандидат ретінде қайта ұсынылды

Опубликовано:

Жұматай Әлиев
Жұматай Әлиев. Фото: Parlam.kz

Экс-депутат Жұматай Әлиев Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде ұсынылды. Ол тиісті құжаттарды Орталық сайлау комиссиясына тапсырған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ОСК-ның ресми сайтына сілтеме жасап.

ОСК мәліметінше, 10 қазанда Жұматай Әлиевтің "Халық демографиясы" қоғамдық бірлестігінен Қазақстан президенттігіне кандидат болып ұсынылғаны туралы келесі құжаттар келіп түскен:

1. "Халық демографиясы" қоғамдық бірлестігінің жоғары органы отырысының Қазақстан Республикасының президенттігіне ұсыну туралы хаттамасынан үзінді;

2. Ж. Әлиевтің Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат болуға келісімі туралы өмірбаяндық деректері қоса берілген өтініші;

3. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат;

4. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

5. Жоғары білімі туралы дипломдарының көшірмелері.

Айта кетейік, Жұматай Әлиев 2012 жылдың қаңтарынан 2016 жылдың қаңтарына дейін мәжіліс депутаты болған, оған дейін әр жылдары Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі, ассамблея төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

Әлиев бұған дейін де, яғни 2019 жылғы сайлауда Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде ұсынылған еді. Алайда ол мемлекеттік тіл емтиханынан сүрінген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1992017-zumatai-aliev-prezidenttikke-kandidat-retinde-qaita-usynyldy/

pixel