Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова ОСК-ға құжат тапсырды

Опубликовано:

Салтанат Тұрсынбекова
Салтанат Тұрсынбекова. Фото: .instagram.com/saltanat.parhatkyzy

Орталық сайлау комиссиясына Салтанат Тұрсынбекованың президенттікке кандидат ретінде тіркеуге арналған құжаттар келіп түсті, деп хабарлайды Орталық сайлау комиссиясының ресми сайты.

11 қазанда Орталық сайлау комиссиясына Салтанат Пархатқызы Тұрсынбекованың "Қазақ аналары - дәстүрге жол" республикалық қоғамдық бірлестігінен Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болып ұсынылғаны туралы келесі құжаттары ұсынылды.

  • "Қазақ аналары - дәстүрге жол" республикалық қоғамдық бірлестігінің жоғары органы отырысының Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болып ұсыну туралы хаттамасынан үзінді;
  •  С.П. Тұрсынбекованың Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болуға келісімі туралы өмірбаяндық деректері қоса берілген өтініші;
  • Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат;
  • Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • Жоғары білімі туралы дипломының көшірмесі.

Еске сала кетейік, "Қазақ аналары – дәстүрге жол" республикалық қоғамдық бірлестігі Қазақстан президенттігіне құқық қорғаушы Салтанат Тұрсынбекованы кандидат ретінде ұсынған болатын. Тұрсынбекова мемлекеттік органдарда, Жоғарғы Сотта жұмыс істеген, Астана қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі, сонымен қатар "Тұрмыстық зорлық-зомбылықсыз Қазақстан" жобасының жетекшісі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1992174-prezidenttikke-kandidat-saltanat-tursynbekova-osk-ga-quzat-tapsyrdy/