Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Владимир Путин Астана қаласына келді

Опубликовано:

Владимир Путин ұшақтан түсуде
Владимир Путин. Фото: t.me/KZgovernment

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин бірқатар халықаралық іс-шараға қатысу үшін Астана қаласына келді, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі Telegram-арнасында.

Ресей басшысын елорда әуежайында еліміздің премьер-министрі Әлихан Смайылов қарсы алған.

Владимир Путин бүгін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне қатысады. 11 мемлекет басшысы бас қосатын саммит АӨСШК құру туралы бастаманың 30 жылдығына орайластырылып отыр.

Қазақстан президентінің баспасөз қызметінің мәліметінше, саммит аясында ықпалдастықтың өзекті мәселелері мен осы ұйым қызметінің басым бағыттарын талқылау жоспарлануда.

Сонымен қатар Ресей президенті ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына және "Орталық Азия – Ресей" саммитіне қатысады деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1992478-vladimir-putin-astana-qalasyna-keldi/

pixel