Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев өзі билікке келгеннен бері Қазақстанда қандай өзгерістер болғанын айтты

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыруға арналған салтанатты рәсімде өзі президенттікке келген уақыттан бері Қазақстанда қандай өзгерістер болғанын айтты, деп хабарлайды Борт №1.

"Үш жарым жыл ішінде сындарлы диалог пен азаматтық топтасудың арқасында біз елді саяси жаңғырту мен демократияландыруда айтарлықтай табыстарға қол жеткіздік. Біз адам құқықтарын қорғау жүйесін айтарлықтай күшейте алдық. Біз мемлекеттік аппаратты түбегейлі қайта құру және жаңарту үдерісін бастадық. Шығармашылық қоғамдық белсенділік пен саяси қатысу мүмкіндіктері айтарлықтай кеңейтілді. Біз азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға, экономиканы монополиясыздандыруға, адал және ашық бәсекелестікті дамытуға шешім қабылдадық. Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін республикалық референдумда дауыс беру арқылы оған шынайы әділдік пен шынайы демократия рухын бердік", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, осыған дейін мемлекет басшысы "Қазақстанға азаттық кездейсоқ бұйырды" деген сынды мәлімдемелерге пікір білдірген болатын.

Сондай-ақ президент туымызды қоғамдық жерлерде және жекеменшік орындарда қоюға еш тыйым жоқ екенін еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1993935-toqaev-ozi-bilikke-kelgen-uaqyttan-beri-qazaqstanda-qandai-ozgerister-bolganyn-aitty/