Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Енді туымызды қоғамдық жерлерде және жекеменшік орындарда қоюға еш тыйым жоқ

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: kazgazeta.kz

Ақордада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыруға арналған салтанатты рәсім өтіп жаыр. Осы жиында мемлекет басшысы Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне тоқтала кетті, деп хабарлайды Борт №1.

"Өздеріңізге мәлім, менің тапсырмам бойынша елімізде мемлекеттік рәміздерді пайдалану ережесі өзгертілді. Әрбір азаматымыз қастерлі Отанымызға деген сүйіспеншілігін мемлекеттік рәміздерге құрметі арқылы көрсете алады.

Қазір байрағымызды қоғамдық жерлерде және жекеменшік орындарда қоюға еш тыйым жоқ", - деді президент.

Айта кетейік, осыған дейін мемлекет басшысы "Қазақстанға азаттық кездейсоқ бұйырды" деген сынды мәлімдемелерге пікір білдірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1993931-toqaev-bairagymyzdy-qogamdyq-zerlerde-zane-zekemensik-oryndarda-qoyuga-es-tyiym-zoq/

pixel