Президент сайлауы: 14:05-тегі жағдай бойынша ел азаматтарының қанша пайызы дауыс бергені белгілі болды
Жарияланған күні:
Орталық сайлау комиссиясы ресми сайтында президент сайлауына қазақстандықтардың қатысуы туралы деректерді жариялады. ОСК мәліметінше, сағат 14:05-тегі жағдай бойынша ел азаматтарының 51,16 пайызы дауыс берген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2022 жылғы 20 қараша сағат 14.05-тегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 51,16 пайызы бюллетень алды", - делінген ОСК хабарламасында
Оның ішінде:
- Абай облысы бойынша – 69,32,
- Ақмола облысы бойынша – 51,04,
- Ақтөбе облысы бойынша – 53,21,
- Алматы облысы бойынша – 40,85,
- Атырау облысы бойынша – 52,56,
- Батыс Қазақстан облысы бойынша – 43,85,
- Жамбыл облысы бойынша – 52,74,
- Жетісу облысы бойынша – 52,17,
- Қарағанды облысы бойынша – 53,75 ,
- Қостанай облысы бойынша – 53,15,
- Қызылорда облысы бойынша – 59,18,
- Маңғыстау облысы бойынша – 53,40,
- Павлодар облысы бойынша – 52,55 %
- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 53,10,
- Түркістан облысы бойынша – 76,61,
- Ұлытау облысы бойынша 68,32,
- Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 52,99,
- Астана қаласы бойынша – 39,79,
- Алматы қаласы бойынша – 24,17,
- Шымкент қаласы бойынша – 51,69 пайыз.
Айта кетейік, дауыс беру жергілікті уақыт бойынша 20:00-де аяқталады.
- "Мен өз таңдауымды жасадым": Дана Нұржігіт президент сайлауында дауыс берді
- Президенттік сайлауға қатысты сағат 12-дегі жағдай бойынша жаңа деректер шықты
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1998060-qazaqstandagy-prezident-sailauy-1405-tegi-zagdai-boiynsa-el-azamattarynyn-5116-paiyzy-dauys-bergen/