Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мен өз таңдауымды жасадым": Дана Нұржігіт президент сайлауында дауыс берді

Опубликовано:

Дана Нұржігіт
Дана Нұржігіт. Фото: instagram.com/dana_nurzhigit

Қазақстандық тележүргізуші, журналист, парламент сенатының депутаты Дана Нұржігіт президент сайлауында дауыс берді. Ол әділетті Қазақстанның болашағына сенетінін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сенатор Дана Нұржігіт кезектен тыс президент сайлауында алғашқылардың бірі болып дауыс берген. Ол бұл жайлы 800 мың оқырманы бар Instagram парақшасында мәлімдеді.

"Мен өз таңдауымды жасадым. Әділетті Қазақстанның болашағына сенемін", - деп жазды тележүргізуші.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін еліміздің бір топ танымал жұлдыздары кезектен тыс президент сайлауында дауыс берді. Олардың арасында Роза Рымбаева, Нұртас Адамбай бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1998045-men-oz-tandauymdy-zasadym-dana-nurzigit-prezident-sailauynda-dauys-berdi/

pixel