Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сайлау күні қанша полиция қызметкері қауіпсіздікті қамтамасыз етуде

Жарияланған күні:

Көшеде тұрған полиция қызметкері
Полиция қызметкері. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Еліміздегі президент сайлауына орай ұйымдастырылған телемарафон эфирінде Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұраталиев сайлау күні елдегі жағдай туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жандос Мұраталиевтің сөзінше, республика бойынша құқық қорғау органдары заңдылық пен тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуде.

"Бүгінгі сайлау күнінің түске дейінгі уақытында елдегі жағдай тыныш. 10 мыңға жуық сайлау учаскесінде 20 мың полиция қызметкері қызмет етуде. Сонымен қатар қоғамдық орындарда 14 мыңға жуық полиция қызметкері жұмыс істеп жатыр", – дейді ол.

Еске салайық, бүгін, 20 қарашада Қазақстанда президент сайлауы өтіп жатыр. 16.05-тегі жағдай бойынша ел азаматтарының 62,34 пайызы дауыс берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1998086-sailau-kuni-qauipsizdikti-qansa-policiya-qyzmetkeri-qamtamasyz-etude/