Президент сайлауында 8 миллионнан астам қазақстандық дауыс берді
Жарияланған күні:
Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтында президент сайлауында Астана уақытымен 20:05-тегі жағдай бойынша халықтың қанша пайызы дауыс бергені туралы деректер жарияланды. Оған сәйкес, қазіргі таңда еліміздің 15 облысындағы көрсеткіштер бойынша азаматтардың жалпы санының 69,31 пайызы дауыс берген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2022 жылғы 20 қараша сағат 20.05-тегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 69,31 % бюллетень алды", - делінген ОСК хабарламасында.
Оның ішінде:
- Абай облысы бойынша – 80,18 %
- Ақмола облысы бойынша – 78,87 %
- Ақтөбе облысы бойынша – 72,20 %
- Алматы облысы бойынша – 72,10 %
- Атырау облысы бойынша – 70,87 %
- Батыс Қазақстан облысы бойынша – 67,77%
- Жамбыл облысы бойынша – 79,57 %
- Жетісу облысы бойынша – 81,43 %
- Қарағанды облысы бойынша – 78,39 %
- Қостанай облысы бойынша – 79,28 %
- Қызылорда облысы бойынша – 80,31 %
- Маңғыстау облысы бойынша – 66,18 %
- Павлодар облысы бойынша – 77,58%
- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 78,24%
- Түркістан облысы бойынша – 80,37 %
- Ұлытау облысы бойынша 75,48 %
- Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 79,49 %
- Астана қаласы бойынша – 48,67 %
- Алматы қаласы бойынша – 28,72%
- Шымкент қаласы бойынша – 59,79 %
Еске сала кетейік, Астана уақыты бойынша сағат 20:00-де еліміздің басым бөлігіндегі сайлау учаскелерінде дауыс беру аяқталды. Елдің тағы бес өңірінде дауыс беру елорда уақытымен 21:00-ге дейін жалғасады.
- Сайлау күні қанша полиция қызметкері қауіпсіздікті қамтамасыз етуде
- Бас прокуратура әлеуметтік желіде президенттік сайлауға қатысты тараған жалған ақпарат туралы айтты
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1998130-prezident-sailauynda-8-millionnan-astam-qazaqstandyq-dauys-berdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.