Қазақстанның басым бөлігінде дауыс беру аяқталды
Опубликовано:

Қазақстанның 15 өңірінде дауыс беру аяқталды. Қалған 5 облыста сайлау учаскелері Астана уақыты бойынша 21:00-де аяқталады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қазіргі сәтте, Астана уақыты бойынша 20:00-де Қазақстанның 15 өңірінде сайлау учаскелері өз жұмысын аяқтады. Сайлау Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында әлі жүріп жатыр.
Аталған өңірлерде сайлау жергілікті уақыт бойынша 20:00-де, Астана уақыты бойынша 21:00-де аяқталады.
Айта кетейік, бүгін ел аумағында кезектен тыс президент сайлауы өтуде. Елімізде Астана уақытымен 18:05-тегі жағдай бойынша халықтың 67,85 пайызы дауыс беріп үлгерген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1998128-qazaqstannyn-basym-boliginde-dauys-beru-ayaqtaldy/