Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде дауыс беру аяқталып, бюллетеньдерді санау басталды

Опубликовано:

дауыс санау
Сайлау бюллетендерін санау. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Еліміздің барлық өңірінде президент сайлауында дауыс беруге арналған сайлау учаскелері өз жұмысын аяқтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дәл қазір бүкіл ел бойынша президент сайлауында дауыс беру аяқталды. Қазақстанның кейбір шетелдік мекемелеріндегі сайлау учаскелері жұмысын жалғастыруда.

Елімізде дауыстарды санау басталды. Орталық сайлау комиссиясының өкілдері сағат 22:00-де елдегі сайлаушылардың сайлауға қатысуының алдын ала қорытындысын жариялайды.

Айта кетейік, ОСК мәліметінше, сағат 20:00-дегі мәлімет бойынша бюллетеньдерді 8 282 607 сайлаушы алған. Осылайша сайлауда дауыс беруге халықтың 69,31 пайызы қатысқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1998135-elimizde-dauys-beru-ayaqtalyp-byulletenderdi-sanau-bastaldy/

pixel