Президент сайлауының түпкілікті қорытындысы шықты
Опубликовано:

Орталық сайлау комиссиясының брифингінде кезектен тыс президент сайлауының түпкілікті қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауында қазақстандықтар келесідей дауыс берген:
- Қасым-Жомарт Тоқаев – 81,31%
- Жигули Дайрабаев – 3,42%;
- Қарақат Әбден – 2,60%;
- Мейрам Қажыкен – 2,53%;
- Нұрлан Әуесбаев – 2,22%;
- Салтанат Тұрсынбекова – 2,12%;
- Барлығына қарсы - 5,80%.
"Осылайша, Орталық сайлау комиссиясы халық сайлаған Қасым-Жомарт Тоқаев Кемелұлын Қазақстан президенті етіп тіркеді", - деді Әбдіров.
Ұлықтау рәсімі 2022 жылдың 26 қарашасына белгіленді.
Еске сала кетейік, 20 қарашада елімізде кезектен тыс президент сайлауы болды. ОСК жариялаған сайлаудың алдын ала қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев ең көп дауыс жинаған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1998398-prezident-sailauynyn-tupkilikti-qorytyndysy-syqty/