Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаевты ұлықтау рәсімі 26 қарашаға белгіленді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жетті. Бүгін ОСК-да өткен брифингте жаңадан сайланған президентті ұлықтау рәсімі осы сенбі, 26 қарашада өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

20 қараша күні Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өткен болатын.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев 81,31 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетті. ОСК Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі осы сенбі, 26 қараша күні өтетінін мәлім етті.

Айта кетейік, "Қазақстан Республикасының президенті туралы" Конституциялық заңның 3-бабына сәйкес ел президенті халыққа мынадай ант берген сәттен бастап қызметіне кіріседі:

"Халыққа адал қызмет етуге салтанатты түрде ант етемін. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын бұлжытпай орындаймын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беремін, Қазақстан Республикасы президентінің маған жүктелген жоғары міндеттерін адал атқарамын".

Ант мәтінін президент мемлекеттік тілде айтады.

Бұған дейін Қазақстан президенті 5 жылға сайланып, тиісті мерзім аяқталған соң қайта сайлану мүмкіндігі болатын. Енді елде бір реттік жеті жылдық президенттік мерзім белгіленді.

Еске салайық, 2019 жылы ұлықтау рәсімінде Тоқаев Конституцияға қолын қойып, ант беріп, Қазақстанның туын сүйіп, ресми түрде президенттік куәлік алған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1998403-toqaevty-ulyqtau-rasimi-26-qarasaga-belgilendi/

pixel