Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Смайылов "АрселорМиттал Темиртау" басшылығына талап қойды

Опубликовано:

Әлихан Смайылов
Әлихан Смайылов. Фото: Рrimeminister.kz

Сәрсенбі, 30 қарашада, премьер-министрі Әлихан Смайылов ArcelorMittal компаниясының ТМД бойынша вице-президенті Виджай Гоялмен кездесті, деп хабарлайды Ukimet Telegram арнасы.

Кездесу барысында Әлихан Смайылов комбинат жұмысының тұрақтылығын, кеншілердің жұмыспен қамтылуын және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап етті.

Үкімет басшысы өндіріс көлемін төмендетуге, сондай-ақ қазақстандық өнімді өткізу нарығын жоғалтуға болмайтынын атап өтті. Өз кезегінде Виджай Гоял барлық талапты орындауға дайын екенін мәлімдеді.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, кәсіпорынның одан әрі жұмысы бойынша келіссөздер жақын арада жалғасатын болады.

Еске сала кетейік, 3 қарашада түнгі сағат 3.03-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің Ленин атындағы шахтасында метан газы жарылды. Апат кезінде шахтада, жер астында 106 адам болған. 101 адам эвакуацияланды, бес адам қайтыс болды, төрт адам ауруханаға жатқызылды.

Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-бөлігі "Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Санавиация бригадасы зардап шеккендердің жағдайы бойынша төтенше жағдай болған жерде консилиум құрып, екі кенші Қарағандыға жеткізіліп, ота жасалды.

Кейін "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің директоры Арман Қалықов Ленин атындағы шахтадағы апаттың себебін атады. Оның айтуынша, газды дренажды ұңғымаларды бұрғылау кезінде кенет метан шыға бастаған. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның барлық сегіз шахтасы бір тәулікке тоқтатылды.

Айта кетейік, өткен аптада еліміздің Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Ленин атындағы шахтада бес кеншінің өмірін қиған апаттың себебін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1999636-smaiylov-arselormittal-temirtau-bassylygyna-talap-qoidy/

pixel