Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жайма және жартылай фабрикат өнім өндіретін цех іске қосылды

Жарияланған күні:

Тұшпара
Фото: gov.kz

Қазір дүкен сөрелерінде жартылай дайын тамақтың түрі көп. Жұмыстан қолы босамайтындар мен студенттерге бұл қолайлы. Үйге барып пісіріп алсаңыз жеткілікті.

Бұл ретте, осы жылдың тамыз айында жартылай фабрикат өнімдерді дайындайтын "Айша-Бибі" кәсіпкерлік нысаны Қызылорда қаласында жұмысын бастады. Онда түшпара, манты, самса, жайма және басқа да өнімдер дайындалады.

Ұлпан Жаппасбаева биыл кәсібін кеңейту мақсатында "Микробизнес Қызылорда" өңірлік инвестициялық орталығынан 6 пайыздық мөлшерлемемен 3,5 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие алды. Бұл қаржыны кәсіпкер өндіріске қажетті заманауи құрал-жабдықтар алуға жұмсаған.

Қазіргі кезде цех жартылай фабрикат өнімнің 11 түрін өндіріп, қаладағы 20–дан астам бөлшек сауда желілерін қамтамасыз етуде. Цехта 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Кәсіпорын өнімі жергілікті тұрғындарға қолжетімді бағада "Айша-Бибі" сауда маркасымен сатылуда.

"Кәсіп бастағанда тек үш түрлі өнім шығардық. Әлеуметтік желіде парақша ашып, тұтынушылармен тұрақты байланыс орнатудамыз. Ал қазір қала тұрғындарына едәуір танылып, өнім түрін 11-ге дейін ұлғайттық. Күніне әр тауар түрінен 10-15 келі өнім өндіріледі. Ең жоғары сұранысқа ие өніміміз – тұшпара мен жайма. Өнім сапасын куәландыратын лицензия алдық. "Ақырын жүріп, анық бас" демекші, алдағы уақытта кондитерлік өнім түрлерін шығаруды жоспарлаудамыз", – дейді кәсіпкер.

Дайындалуы қиын, бірақ дәмді тағам түрін өндіру қажырлы еңбек пен табандылықты талап ететінін атап өткен жөн.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2001296-zaima-zane-zartylai-fabrikat-onim-ondiretin-cex-iske-qosyldy/