Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Өзбекстанға мемлекеттік сапармен келді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев. Фото: Т.me/bort_01

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Өзбекстанға мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлайды президенттің ресми "БОРТ №1" Telegram арнасы.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлын Ташкент халықаралық әуежайында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев өзі қарсы алды.

"Екі күндік сапар аясында Өзбекстан президентімен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізу және бірқатар келісімге қол қою жоспарланған", — делінген ресми хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін мемлекет басшысының 21-22 желтоқсан күндері Өзбекстан Республикасына мемлекеттік сапармен баратыны хабарланған болатын.

Сапар аясында мемлекет басшысы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен келіссөз жүргізіп, екіжақты іс-әрекеттің өзекті мәселелерін, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және көлік-транзиттік ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын талқылайтыны айтылған еді.

Сондай-ақ екі ел басшысы өңірлік және халықаралық күн тәртібін қарастырады және бірқатар екіжақты шарт пен келісімге қол қойылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2002496-toqaev-ozbekstanga-memlekettik-saparmen-keldi/

pixel