Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан қызметінен кетті

Опубликовано:

Шыңғыс Мұқан
Шыңғыс Мұқан. Фото: facebook/mukan.shynggys

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан қызметінен кетті. Бұл туралы ол Facebook-тегі жеке парақшасында жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Шенеунік аталған қызметті 2020 жылдан бері атқарған.

"Шымкент қаласы әкімдігінен жұмыстан шықтым. Әкімнің бірінші орынбасары лауазымына сонау ковид өршіп тұрған дағдарыс кезінде, 2020 жылғы шілде айында келіп едім. Екі жарым жылға жуық жұмыс істеппін.

Одан бері небір қызық, небір қиыншылық өтті. Оның ішінде әрине Қаңтардың орыны ерек. Бұл шешім бір күнде туған жоқ. Біраздан бері пісіп жетілді.

Бірге қызметтес болған әріптестер мен ұжымға бек рақмет! Әзірше ағартушылық пен шығармашылыққа ден қоймақпын.

Асылы, мемлекеттік қызметтен тыс жүріп те мемлекетке қызмет етуге болады", - деп жазды Шыңғыс Мұқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2002936-symkent-akiminin-orynbasary-syngys-muqan-qyzmetinen-ketti/

pixel