Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Adal партиясы өз қызметін тоқтатты

Опубликовано:

Құжат қарап отырған қызметкерлер
Құжат қарап отырған қызметкерлер. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда Adal саяси партиясы ресми түрде өз қызметін тоқтатты. Бұл туралы Әділет министрлігінің желідегі ресми парақшасында хабарланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Азаматтық кодекстің 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 20 желтоқсанда AMANAT партиясы қоғамдық бірлестігіне қосылу жолымен қайта ұйымдастыруға байланысты ADAL саяси партиясы қоғамдық бірлестігі қызметінің тоқтатылуын тіркеу жүргізілді", - делінген ведомство хабарламасында.

Министрліктің хабарлауынша, 26 желтоқсандағы жағдай бойынша елімізде 6 саяси партия тіркелген. Олар:

  • AMANAT партиясы;
  • "Ақ Жол" Қазақстанның демократиялық партиясы;
  • Қазақстан Халық партиясы;
  • "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы;
  • "Жалпыұлттық социал-демократиялық партия";
  • "Қазақстанның "Байтақ" жасылдар партиясы.

Айта кетейік, биылғы жылдың наурыз айында Adal партиясының саяси кеңесі Amanat партиясының құрамына қосылу туралы шешім қабылдағанын мәлім еткен еді.

Сәуір айында партия AMANAT партиясының құрамына енді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2003101-adal-partiyasy-oz-qyzmetin-toqtatty/

pixel