Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұңғыш президент туралы заңның күшін жоятын түзетулер мәжіліс қарауына қабылданды

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: elbasy.kz

Мәжіліс депутаттары пленарлық отырыста Нұрсұлтан Назарбаевтың Елбасы мәртебесін жою туралы заң жобасын қарауға алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Заң жобасының толық атауы - "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күші жойылды деп тану туралы".

Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметов әріптестерінен құжатты палатаның қарауына қабылдауды сұрады.

"Аталған заң жобасы республикалық референдум қорытындылары бойынша ел Конституциясына енгізілген өзгерістерді іске асыру мақсатында әзірленді. Атап айтқанда, 2022 жылдың 8 маусымындағы заңмен Конституцияға енгізілген түзетулерге сәйкес, Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мәртебесі мен өкілеттігі Республика Конституциясымен және конституциялық заңмен айқындалады деген норманы көздейтін Ата Заңның 46-бабы 4-тармағы алынып тасталды.

Осыған байланысты, бұл заң жобасында конституциялық заңның күшін жоғалту көзделіп отыр. Заң жобасын жұмысқа қабылдауды әрі қолдауларыңызды сұраймын", - деді Қожахметов.

Нәтижесінде отырысқа қатысқан 90 депутат түгелдей заң жобасын қолдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2003378-mazilis-nazarbaevtyn-elbasy-martebesin-zoyu-turaly-zan-zobasyn-qabyldady/

pixel