Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Парламент Елбасы туралы заңның күшін жоюды бірауыздан мақұлдады

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: elbasy.kz

Парламент палаталарының бірлескен отырысында "Қазақстан Республикасы Тұңғыш президенті – Елбасы туралы" конституциялық заңның күшi жойылды деп тану туралы" конституциялық заң қабылданды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Отырыста депутаттар бірден екі оқылым өткізіп, Елбасы туралы заңның күшін жою туралы құжатты бірауыздан мақұлдады.

Заң жобасын сенаттан қатысып отырған 44 депутат пен мәжілістен қатысып отырған 93 депутат түгелдей жақтап дауыс берді.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның Конституциялық соты "Қазақстан Республикасы Тұңғыш президенті – Елбасы туралы" конституциялық заңның күшi жойылды деп тану туралы" қаулы шығарған еді.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаевтың Елбасы туралы заңның күші жойылғаннан кейін қандай артықшылықтардан айырылатынын жазған едік.

12 қаңтарда Нұрсұлтан Назарбаев "Құрметті сенатор" мәртебесінен айырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2005222-elimizde-tungys-prezident-elbasy-turaly-zan-oz-kusin-zoidy/

pixel