Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Непал президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: t.me/bort_01

Мемлекет басшысы Непал президенті Бидхья Деви Бхандариге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми-арнасында.

"Қасым-Жомарт Тоқаев Покхара қаласының маңында жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы қайғылы хабарды күйзеліспен қабылдады.

Мемлекет басшысы жеделхатта Непал президентіне және қайтыс болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 15 қаңтарда Непалда бортында 68 жолаушы мен 4 экипаж мүшесі бар ұшақ апатқа ұшыраған еді.

Кейін белгілі болғандай, ұшақ бортындағы 72 адамның барлығы көз жұмған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2005551-toqaev-nepal-prezidentine-konil-aitu-zedelxatyn-zoldady/

pixel