jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Мемлекет басшысы Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турловты қабылдады

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тимур Тұрлов. Фото
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тимур Тұрлов. Фото: Ақорда

    Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турловты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

    Кездесу барысында елімізде шахматты дамыту мәселелері талқыланған.

    Қасым-Жомарт Тоқаевқа жуырда Қазақстанда Халықаралық шахмат федерациясымен (FIDE) бірлесіп ұйымдастырылған халықаралық турнирлердің қорытындысы жөнінде мәлімет берілген.

    Тимур Турлов федарацияның алдағы кезеңге арналған жоспары туралы айтты. Атап айтқанда, федерация еліміздегі шахмат секцияларының санын 2 есе, яғни 7 мыңнан 14 мыңға дейін ұлғайтуды, шахматты  одан әрі дәріптеу жұмыстарын жалғастыруды, осылайша зияткерлік ұлт қалыптастыруға үлес қосу жөніндегі Президент тапсырмаларын орындауды көздейді.

    Сондай-ақ федерация Қазақстан құрамасы көшбасшыларының әлеуетін танытуды, жаңа чемпиондарды тәрбиелеп шығаруды мақсат етіп отыр.  

    Мемлекет басшысына әлем чемпионы атағы үшін биыл 7 сәуір мен 1 мамыр аралығында Астанада өтетін шахмат жарысына даярлық барысы туралы баяндалды.

    Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде отандық шахмат шеберлерінің халықаралық аренадағы жетістіктеріне жоғары баға берді. Оның айтуынша, елімізде әлемнің үздік шахматшыларының қатысуымен ірі жарыстар ұйымдастыру балалар мен жастар арасында осы спорт түрінің танымалдылығын арттыруға ықпал етеді.

    Мемлекет басшысы Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турловты қабылдады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.