Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұрынғы Экология министрі Серікқали Брекешев "ҚазМұнайГаз" төрағасының орынбасары болды

Опубликовано:

Серікқали Брекешев
Серікқали Брекешев. Фото: primeminister.kz

Бұрынғы Экология министрі Серікқали Брекешев "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ол газ жобаларын дамыту бағытына жетекшілік ететін болады.

Айта кетейік, Серікқали Брекешев 1972 жылы Павлодарда дүниеге келген.

Әр жылдары "ҚазТрансГаз" АҚ техникалық саясат департаментінің директоры, бас директордың ресурстық базаны дамыту және техникалық саясат жөніндегі орынбасары, Мұнай және газ министрлігінде газ өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры, "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ және "Құрақұдық" ЖАҚ компанияларында инженерлік техникалық қызметтер атқарды.

Сондай-ақ ол 2021 жылдың қыркүйек айынан 2023 жылдың қаңтарына дейін экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып жұмыс істеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2007587-buryngy-ekologiya-ministri-serikqali-brekesev-qazmunaigaz-toragasynyn-orynbasary-boldy/

pixel