Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Балаларым қатты қуанды": Асхат Аймағамбетов министр қызметінен кеткен соң не істегенін мәлімдеді

Опубликовано:

Асхат Аймағамбетов
Асхат Аймағамбетов. Фото: youtube/NartayAralbyuli

Жыл басында Оқу-ағарту министрі қызметінен алынған Асхат Аймағамбетов журналист Нартай Аралбайұлына сұхбат берді. Ол жұмыстан шығып қалған күні кіші ұлын балабақшадан өзі алып кеткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұрынғы министрдің айтуынша, оның қызметтен кеткенін балалары мен жақындары жақсы қабылдаған.

"Министр қызметінен кеткеніме балаларым қатты қуанды. Анам да үйде тақымын қысып отырады. Қазір пенсияда. Ол да бір "уфф" деген шығар. Қазір қолым бос. Үйдемін. Үйде де көп тірлік жиналып қалыпты. Кітап оқуға да уақыт табылды", - дейді Аймағамбетов.

Сондай-ақ ол жұмыстан шыққан күні кіші ұлын балабақшадан алуға өзі барған.

"Сол күні кешкісін кіші ұлымды балабақшадан алуға бардым. Апайы ұлымды шақырып: "Әкең келді",- деп дауыстаса, ұлым: "Әкем емес, анам шығар", - деп жауап қатты. Үнемі анасының алатынына әбден үйреніп қалған", - деп күлді ол.

Айта кетелік, Асхат Аймағамбетов Оқу-ағарту министрі қызметін 3 жыл 7 ай бойы атқарып, 2023 жылдың 4 қаңтарында қызметінен кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2008056-balalarym-qatty-quandy-asxat-aimagambetov-ministr-qyzmetinen-ketken-son-ne-istegenin-malimdedi/

pixel