Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Баршамыздың қабырғамызды қайыстырды": Тоқаев Қазақстандағы Түркия елшілігіне барды (фото)

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия елшілігіне барды
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы Түркия елшілігінде. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігіне барды, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия республикасының Қазақстандағы елшілігіне барып, бауырлас елдің оңтүстік-шығысында болған алапат зілзала салдарынан мыңдаған адамның қаза табуына байланысты көңіл айтқан.

Сондай-ақ Қазақстанның жан-жақты қолдау көрсететінін жеткізген.

Сонымен қатар президент көңіл айту кітабына жазба қалдырған.

"Түркияда болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көп адамның қаза болуы баршамыздың қабырғамызды қайыстырды. Қазақстан халқының және жеке өз атымнан түрік бауырларымызға көңіл айтамын", – деп жазған мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрік елшілігінде көңіл айту кітабына жазба қалдыруда
Қасым-Жомарт Тоқаев Түрік елшілігінде көңіл айту кітабына жазба қалдыруда. Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрік елшілігінде көңіл айту кітабына жазба қалдыруда
Қасым-Жомарт Тоқаев Түрік елшілігінде көңіл айту кітабына жазба қалдыруда. Фото: Ақорда

Еске сала кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркия республикасына шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2008532-memleket-bassysy-qazaqstandagy-turkiya-elsiligine-bardy/

pixel