Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Осы жолы Наурыз тойламай-ақ қоялық": Отандық журналист Түркияға көмек ретінде киіз үй жіберуге шақырды

Опубликовано:

Түркия
Түркиядағы жер сілкінісі. Фото: Emin Sansar/Anadolu Agency via Getty Images

Журналист Нұрбек Бекбау Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек ретінде киіз үй жіберу үшін халықтан жылу жинауда. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды, деп жазды KAZ.NUR.KZ.

"Түркияға жүз шақты киіз үй жіберсек? Зілзаладан үйлері қирап қалған халық ашық далада отыр. Сүйегі жеңіл, құламайтын киіз үй шошып отырған бұқараға психикалық қатерсіз көңіл күй сыйлар еді.

Наурыз мейрамында әр облыста жүздеген киіз үй тігіледі. Әкімдіктер өңірде қанша киіз үй барын барын біледі ғой. Жинап, Түркияға жіберейік. Осы жолы Наурыз тойламай-ақ қоялық. Ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, "ата жұрттан көмек келді" деген сөздің психологиялық салмағы алапат. Әрі достығымыз, туыстығымыз осындайда артады", - деді Нұрбек Бекбау.

Естеріңізге сала кетейік, 6 ақпан күні Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7,7 болатын жойқын жер сілкінісі болды. Түркия мен Сирияда екі күн бұрын болған жойқын жер сілкінісі кезінде құлаған ғимараттардың қирандыларын тазалау жұмыстары жалғасуда. Соған байланысты қаза болғандар мен жараланғандар саны артып келеді.

Түркияның вице-президенті Фуат Октай жаңа мәліметтерді жариялаған, оған сәйкес, елде жер сілкінісі салдарынан қаза тапқан адам саны 5 894-ға, жарақат алғандар саны 34 810-ға жеткен. Сирияда қаза болғандар туралы деректер де жаңарды. Сирияның денсаулық сақтау министрі Хасан Мұхаммед әл-Габаш зілзала салдарынан қаза тапқандар саны 1250-ге, жараланғандар саны 2054-ке жеткенін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2008513-osy-zoly-nauryz-toilamai-aq-qoyalyq-otandyq-zurnalist-turkiyaga-komek-retinde-kiiz-ui-zibermek/

pixel