Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түрік футболшысы зілзала құрбандарына көмектесу үшін Роналдудың жейдесін аукционға шығарды

Опубликовано:

демирал
Демирал матч алдында. Фото: Twitter/Atalanta B.C

Түркия құрамасы мен "Аталанта" клубының қорғаушысы Мерих Демирал зілзала құрбандарына көмектесу үшін Криштиану Роналдудың жейдесін аукционға шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Демирал Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Мен жаңа ғана Криштиану Роналдумен сөйлестім. Ол Түркияда болған оқиғаға қатты қайғыратынын айтты. Мен өзімнің колекциямдағы Криштиану Роналдудың қолтаңбасы бар жейдені аукционға шығаратын болдым. Аукционнан түскен барлық қаржыны қайырымдылыққа жібереміз", - деді футболшы.

Сонымен қатар "Аталанта" қорғаушысы бұрынғы әріптесі Пауло Дибаламен тілдескенін атап өтті. "Рома" шабуылшысы Демиралға қолдау көрсетіп, өзінің қолтаңбасы қойылған жейдені жіберетінін хабарлаған.

Бұдан бөлек Түркия ойыншысы "Ювентус" қорғаушысы Леонардо Бонуччидің жейдесін сатылымға қойды.

Айта кетейік, Мерих Демирал әлем футболының жарық жұлдыздарының бірі Криштиану Роналду, Пауло Дибала және Леонардо Бонуччимен бірге "Ювентус" сапында өнер көрсеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2008500-turik-futbolsysy-zilzala-qurbandaryna-komektesu-usin-ronaldudyn-zeidesin-aukcionga-sygardy/

pixel