jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек жібереді

    Сирия мемлекетінің туы
    Сирия мемлекетінің туы. Фото: Joel Carillet/ Getty images

    Қазақстан үкіметі жер сілкінісінен зардап шеккен Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек жібереді. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

    Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 9 ақпанда үкімет үйінде премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Халықаралық гуманитарлық көмек мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өткен.

    Онда жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек жіберу туралы шешім қабылданған.

    Үкіметтің баспасөз қызметі Сирияға көмек ретінде мемлекеттік материалдық резервтен консервіленген өнімдер, жылы киім-кешек, қысқы шатырлар, кереуеттер мен төсек-орын жабдықтары жіберілетінін атап өтті.

    Жүк Ислам ынтымақтастығы ұйымының желісі бойынша Алеппо қаласына төрт әуе рейсімен жеткізілмек.

    Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке жер сілкінісінен зардап шеккен Сирияға гуманитарлық көмек көрсетуді тапсырған еді.

    Соңғы мәліметтер бойынша Түркия мен Сириядағы жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандардың жалпы саны 20 мыңнан асқан.

    Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек жібереді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.