Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Опубликовано:

сайлау
Сайлау. Көрнекі фото: qazaqstan.tv

"Internet Portal Nur" ЖШС-нің ("Нұр Интернет Порталы") 2023 жылғы 19 наурызда өтетін Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысатын Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттығына кандидаттарға nur.kz сайтындағы Интернет-алаңдарды ұсыну бойынша жалпы шарттары.

Nur.kz сайтының (бұдан әрі – Сайт) иесі – "Internet Portal Nur" ЖШС ("Нұр Интернет Порталы") "Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы" 28.09.1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің "Жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы" 2023 жылғы 19 қаңтардағы No 104 Жарлығымен тағайындалған әрі 2023 жылғы 19 наурыздағы кезектен тыс сайлауға қатысатын Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарға (бұдан әрі – Кандидат) сайлауалды үгіт материалдарын (бұдан әрі – үгіт материалдары) Сайтқа орналастыру үшін Интернет-алаңдарын ұсыну шарттары мен тәртібі және төлем мөлшері туралы хабардар етеді.

Сайлау алдындағы үгіт Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталып, сайлау күнінің алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша сағат нөлде аяқталады, осылайша үгіт материалдарын Сайтта орналастыру 2023 жылғы 18 ақпанда сағат 18:00-ден 2023 жылғы 18 наурыз сағат 00:00-ге дейін жүзеге асырылады.

Сайт жазбаша өтініш пен Сайт иесі мен Үміткер арасында немесе Үміткердің уәкілетті өкілімен жасалған келісімшарт негізінде Интернет-алаңдарын ұсынады.

Үгіт материалдарының саны мен орналастыру мерзімі кандидаттың немесе оның уәкілетті өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіліп, кейіннен келісімшартпен бекітіледі.

Өтініш Кандидаттардың өтініштерін тіркеу журналында кезектілік ретімен әрбір жазбаша өтінішке реттік нөмірі мен өтінімнің қабылданған күнін белгілеу арқылы тіркеледі.

Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:

  1. Кандидаттың тіркелгенін растайтын құжат көшірмесі;
  2. Кандидат өкілінің өкілеттіктерін растайтын құжат көшірмесі;
  3. өтініш беруші тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;
  4. тұлғаның шарт жасасуға өкілеттілігін растайтын құжаттар.

Кандидаттардың үгіт материалдарын Сайтта орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу тәртібімен немесе өтініштер бір мезгілде келіп түскен жағдайда жеребе бойынша белгіленеді.

Үгіт материалдары Сайтқа орналастыру күніне дейін 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмей мынадай форматта ұсынылады:

Стандартты баннерлер

  1. Пиксельдердегі геометриялық өлшем мынаған тең болуы керек: 728x200/240х400/300x250/728х90 px.
  2. Баннер графикалық файл (*.gif, *.png, *.jpeg) түрінде немесе HTML5 түрінде әзірленуге тиіс.
  3. Графикалық файлдардың максималды салмағы 100 Кб, ал HTML5 үшін – 150 Кб болуы керек.

Брендтеу

Жаңалықты брендтеу (Desktop)

Брендтеу мынадай өлшемдердегі үш суреттен құралады:

  1. Жоғарғы баннер – 1920х120 px.
  2. Сол жақтағы баннер – 384х960 px.
  3. Оң жақтағы баннер – 384х960 px.
  4. Суреттердің жалпы салмағы 300 Кб-ден аспауға тиіс.

Жаңалықты брендтеу (Mobile)

  1. Брендтеу өлшемі 1024х96 px болатын бір суреттен, яғни "шапкадан" құралады.
  2. Қауіпсіз зона 320х96 px-ді құрайды.
  3. Баннерді PNG немесе JPEG форматында әзірлеуге болады.
  4. Суреттің салмағы 100 Кб-ден аспауға тиіс.

Әдеттен тыс баннерлер

Interscroller

  1. Геометриялық өлшемі – 300х500 px.
  2. Файлдың максималды салмағы – 150 Кб.
  3. Баннерді графикалық файл (*.gif, *.png, *.jpeg) түрінде әзірлеуге болады.

Fullscreen

  1. Десктоп үшін геометриялық өлшемі – 800х600 px, мобайл үшін – 320х480 px.
  2. Баннерді графикалық файл (*.gif, *.png, *.jpeg) түрінде әзірлеуге болады.
  3. Креативтің салмағы 150 Кб-ге дейін.

Profit Button

  1. Нақты өлшемі 150х150 px болуы керек.
  2. Креативтің салмағы 100 Кб-ге дейін.
  3. Креативті графикалық файл (*.gif,*.png) түрінде әзірлеуге болады.

Бейнереклама

Scroll-roll

  1. Тұнықтығы кемінде 720p.
  2. Видео файлдар (*.flv, *.mp4, *.ogv, *.webm, VAST 2.0) — 100 Mб-ге дейін.
  3. Хронометражы 20 секундқа дейін.

Мақала – 4000 таңбаға дейінгі мәтіні бар Word-файлы + ені 1200 px және биіктігі 800 px болатын көлденең бағытталған 5 (бес) фотоға дейін. Шеттерінің арақатынасы 16:9 болғаны абзал.

NUR.KZ редакциясы мақаланың тақырыбына, лидіне немесе мәтініне өз қалауы бойынша түзетулер енгізу құқығын өзінде сақтап қалады.

Мақала тақырыбы (7-8 сөзден аспауы керек) және лиді NUR.KZ форматына сәйкес болуы керек.

NUR.KZ-тің жаңалықтар лентасында мақала анонсын орналастыру позициясы бекітіледі: "Топ-жаңалықтар" - 4 немесе 5-орын; "Қазақстан және әлем жаңалықтары" - 5, 6 немесе 7-орын; айдарлар бойынша – 4 немесе 5-орын.

Мақала анонсы жарияланған сәттен бастап келесі күні сағат 09:00-ге дейін басты бетте орналастырылады. Материалдар уақтылы ұсынылмаған жағдайда жоғалтылған жариялау уақыты өтелмейді.

Instagram:

  1. Жазба: 2000 белгіден аспайтын мәтін + шаршы өлшеміндегі (1080*1080 px) сапалы сурет. Суретте мәтін саны минималды.
  2. Stories: 1080*1920 өлшеміндегі сапалы сурет немесе ұзақтығы 60 секундқа дейін тік видео (9:16), файл форматы mp4, максималды салмағы 150 Мб.

Telegram:

  1. Мәтін бос орынды қоса алғанда 700 белгіден аспауға тиіс. Мәтін, сілтемелер, суреттер жеке-жеке берілуі керек.
  2. Видео 5 Мб-ден аспауға тиіс, файл форматы mp4.
  3. Жазба каналда бекітілмейді.
  4. "PR құқында" немесе "Үгіт материалы" белгісі міндетті түрде қойылуы керек.
  5. Өзге каналдардан репост жасалмайды.

Жарнамаға қойылатын жалпы және техникалық талаптар https://corp.nur.kz/requirements интернет-парақшасында толық жазылған.

*Алдын ала броньдау бір жұмыс күні бұрын жасалуы керек.

* Баннерлік жарнама үшін бос трафиктің болуын алдын ала нақтылау қажет.

Үгіт материалдарында қаржыландыру көздері туралы көрнекі ақпарат және ақпаратты берген тұлғаның тегі көрсетілуге тиіс.

Үгіт материалдарын ұсынған кандидаттарға олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес болуы тұрғысынан жеке жауапкершілік жүктеледі.

Сайт иесі үгіт материалдарында конституциялық құрылымды күштеп өзгертуді, республиканың тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, таптық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табынуды, заңда көзделмеген әскери құрылымдар құруды көздейтін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарының депутаттығына басқа кандидаттардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіруі мүмкін мәліметтер болған жағдайда оларды орналастырудан бас тартуға құқылы. Үміткер Сайт иесінің талабы бойынша материалдарда кездесетін жоғарыда аталған сипаттағы ақпаратты растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген Интернет-алаңдарын ұсыну шарттары мен тәртібіне Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетулер енгізілуі мүмкін.

Сайтта үгіт материалдарын орналастыру бағасы мынадай:

Баннерлер

Динамика (1000 көрсетілім үшін бекітілген баға):

728x200 px + 300x250 px – ҚКС-ны есепке алғанда 1 680 тг. (desktop+mobile)

Статика (50% трафик үшін бекітілген баға – тәулік)

240х400 px екінші позиция – ҚКС-ны есепке алғанда 336 000 тг.

Статика (50% трафик үшін бекітілген баға – тәулік)

728х90 px Топ-жаңалықтардың астында – ҚКС-ны есепке алғанда 100 000 тг.

Брендтеу

Жаңалықтар (desktop+mobile) (1000 көрсетілім үшін бекітілген баға) – ҚКС-ны есепке алғанда 3 360 тг.

Interscroller (1000 көрсетілім үшін бекітілген баға) – ҚКС-ны есепке алғанда 2 800 тг.

Scroll-roll (1000 көрсетілім үшін бекітілген баға) – ҚКС-ны есепке алғанда 2 800 тг.

Profit Button (Desktop) (1000 көрсетілім үшін бекітілген баға) – ҚКС-ны есепке алғанда 2 800 тг.

Fullscreen (Desktop+mobile+app) (1000 көрсетілім үшін бекітілген баға) – ҚКС-ны есепке алғанда 6 160 тг.

Материалдарды Сайттың орысша нұсқасында орналастыру:

  1. "Топ-жаңалықтарда" 1 мақаланы орналастыру – ҚКС-ны есепке алғанда 1 300 000 тг., 4000 белгіге дейін, 5 фотоға дейін, 3 гиперсілтемеге дейін, 1 видеоға дейін
  2. "Топ-жаңалықтарда" 5 және одан да көп мақала орналастыру – ҚКС-ны есепке алғанда 1 100 000 тг., 4000 белгіге дейін, 5 фотоға дейін, 3 гиперсілтемеге дейін, 1 видеоға дейін
  3. "Топ-жаңалықтарда" 10 және одан да көп мақала орналастыру – ҚКС-ны есепке алғанда 950 000 тг., 4000 белгіге дейін, 5 фотоға дейін, 3 гиперсілтемеге дейін, 1 видеоға дейін
  4. "Қазақстан және әлем жаңалықтары" лентасында 1 мақала орналастыру – ҚКС-ны есепке алғанда 950 000 тг., 4000 белгіге дейін, 5 фотоға дейін, 3 гиперсілтемеге дейін, 1 видеоға дейін
  5. "Қазақстан және әлем жаңалықтары" лентасында 5 және одан да көп мақала орналастыру – ҚКС-ны есепке алғанда 800 000 тг., 4000 белгіге дейін, 5 фотоға дейін, 3 гиперсілтемеге дейін, 1 видеоға дейін
  6. "Қазақстан және әлем жаңалықтары" лентасында 10 және одан да көп мақала орналастыру – ҚКС-ны есепке алғанда 650 000 тг., 4000 белгіге дейін, 5 фотоға дейін, 3 гиперсілтемеге дейін, 1 видеоға дейін
  7. Тақырыптық айдарда 1 мақаланы орналастыру – ҚКС-ны есепке алғанда 550 000 тг., 4000 белгіге дейін, 5 фотоға дейін, 3 гиперсілтемеге дейін, 1 видеоға дейін
  8. Тақырыптық айдарда 5 және одан да көп мақала орналастыру – ҚКС-ны есепке алғанда 450 000 тг., 4000 белгіге дейін, 5 фотоға дейін, 3 гиперсілтемеге дейін, 1 видеоға дейін
  9. Тақырыптық айдарда 10 және одан да көп мақала орналастыру – ҚКС-ны есепке алғанда 400 000 тг., 4000 белгіге дейін, 5 фотоға дейін, 3 гиперсілтемеге дейін, 1 видеоға дейін
  10. "Баспасөз хабарламаларында" 1 мақала орналастыру – ҚКС-ны есепке алғанда 400 000 тг., 4000 белгіге дейін, 5 фотоға дейін, 3 гиперсілтемеге дейін, 1 видеоға дейін
  11. "Баспасөз хабарламаларында" 5 және одан да көп мақала орналастыру – ҚКС-ны есепке алғанда 350 000 тг., 4000 белгіге дейін, 5 фотоға дейін, 3 гиперсілтемеге дейін, 1 видеоға дейін
  12. "Баспасөз хабарламаларында" 10 және одан да көп мақала орналастыру – ҚКС-ны есепке алғанда 300 000 тг., 4000 белгіге дейін, 5 фотоға дейін, 3 гиперсілтемеге дейін, 1 видеоға дейін

Мақаланы сайттың қазақ тіліндегі нұсқасында шығару – 30% үстеме

Материалдарды сайттың қазақ тіліндегі нұсқасында орналастыру:

  1. "Топ-жаңалықтарда" 1 мақаланы орналастыру – ҚКС-ны есепке алғанда 616 000 тг., 4000 белгіге дейін, 5 фотоға дейін, 3 гиперсілтемеге дейін, 1 видеоға дейін
  2. "Топ-жаңалықтарда" 5 және одан да көп мақала орналастыру – ҚКС-ны есепке алғанда 554 000 тг., 4000 белгіге дейін, 5 фотоға дейін, 3 гиперсілтемеге дейін, 1 видеоға дейін
  3. "Топ-жаңалықтарда" 10 және одан да көп мақала орналастыру – ҚКС-ны есепке алғанда 492 000 тг., 4000 белгіге дейін, 5 фотоға дейін, 3 гиперсілтемеге дейін, 1 видеоға дейін
  4. "Қазақстан және әлем жаңалықтары" лентасында 1 мақала орналастыру – ҚКС-ны есепке алғанда 492 000 тг., 4000 белгіге дейін, 5 фотоға дейін, 3 гиперсілтемеге дейін, 1 видеоға дейін
  5. "Қазақстан және әлем жаңалықтары" лентасында 5 және одан да көп мақала орналастыру – ҚКС-ны есепке алғанда 443 000 тг., 4000 белгіге дейін, 5 фотоға дейін, 3 гиперсілтемеге дейін, 1 видеоға дейін
  6. "Қазақстан және әлем жаңалықтары" лентасында 10 және одан да көп мақала орналастыру – ҚКС-ны есепке алғанда 394 000 тг., 4000 белгіге дейін, 5 фотоға дейін, 3 гиперсілтемеге дейін, 1 видеоға дейін
  7. Тақырыптық айдарда 1 мақаланы орналастыру – ҚКС-ны есепке алғанда 308 000 тг., 4000 белгіге дейін, 5 фотоға дейін, 3 гиперсілтемеге дейін, 1 видеоға дейін
  8. Тақырыптық айдарда 5 және одан да көп мақала орналастыру – ҚКС-ны есепке алғанда 277 000 тг., 4000 белгіге дейін, 5 фотоға дейін, 3 гиперсілтемеге дейін, 1 видеоға дейін
  9. Тақырыптық айдарда 10 және одан да көп мақала орналастыру – ҚКС-ны есепке алғанда 246 000 тг., 4000 белгіге дейін, 5 фотоға дейін, 3 гиперсілтемеге дейін, 1 видеоға дейін

*Мақалалардың барлық анонсы Nur.kz немесе Kaz.nur.kz интернет-алаңының басты бетінде орналастырылады.

* Бағалар бірлік (1 мақала) үшін бекітілген

Пакеттік ұсыныс. «Максималды пакет» ҚКС-ны есепке алғанда 27 210 405 тг.:

  1. Топ-жаңалықтар – 15 мақала
  2. Instagram @kaznews – 15 жазба
  3. Telegram @newsnurkz – 15 жазба
  4. Мақаланы әлеуметтік желі форматына икемдеу – 15 жазба
  5. Fullscreen – 10 күнге 600 000 көрсетілім
  6. 728х200 + 300х250 px – 28 күнге 4 200 000 көрсетілім
  7. Жаңалықты брендтеу – 15 күнге 1 500 000 көрсетілім

Әлеуметтік желідегі жарияланымдар

Instagram (@kaznews)

  1. 1 жазбаны орналастыру – ҚКС-ны есепке алғанда 288 960 тг.
  2. 5 жазбаны орналастыру – ҚКС-ны есепке алғанда 231 168 тг.
  3. 1 stories орналастыру – ҚКС-ны есепке алғанда 134 400 тг.

Telegram @newsnurkz

  1. 1 жазбаны орналастыру – ҚКС-ны есепке алғанда 443 520 тг.
  2. 5 жазбаны орналастыру – ҚКС-ны есепке алғанда 354 816 тг.
  3. 1 stories орналастыру – ҚКС-ны есепке алғанда 100 800 тг.

* Бағалар бірлік (1 жазба) үшін бекітілген

Әлеуметтік желілердің қазақша нұсқасындағы жарияланымдар

Instagram (@kaz.nurkz)

  1. 1 жазбаны орналастыру – ҚКС-ны есепке алғанда 188 160 тг.

Жасалған келісімшартқа сәйкес, Сайтта үгіт материалдарын орналастыру үшін төлем Сайт иесі ұсынған төлем шоты негізінде - шот ұсынылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Жазбаша өтініштерді меншік иесі 2023 жылғы 15 ақпан мен 15 наурыз аралығында (15 наурызды қоса алғанда және демалыс пен мереке күндерін қоспағанда) сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Байзақов көш. 280 мекенжайы бойынша қабылдайды.

Жазбаша өтініштер факсимиле түрінде және Интернет байланысы арқылы қабылданбайды.

"Internet Portal Nur" ЖШС

("Нұр Интернет Порталы")

Бас директор Бахридинов Қ.Ғ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2009114-aqparattyq-xabarlama/

pixel