Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев үкіметке Түркияға қосымша гуманитарлық көмек жіберуді тапсырды

Опубликовано:

Гуманитарлық көмек
Гуманитарлық көмек тасушы ТЖМ құтқарушылары. Фото: t.me/qr_tjm

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке Түркия республикасына қосымша гуманитарлық көмек жіберу жөнінде тапсырма берді, деп хабарлайды Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жер сілкінісі болған аудандардағы зардап шеккендерге көмек көрсету үшін шатырлар, жылытқыштар, жылы киімдер және басқа да ең қажетті заттар жіберіледі", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 6 ақпан күні Түркияның оңтүстік-шығысында жойқын жер сілкінісі болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айтып, үкіметке Түркияға шұғыл көмек көрсетуді тапсырды.

7 ақпан күні президент тапсырмасымен қазақстандық құтқарушылар мен медицина қызметкерлерінің алғашқы тобы көмек көрсету үшін Түркияның жер сілкінісі болған аймағына аттанды.

8 ақпанда апат болған аймаққа қазақстандық құтқарушылардың екінші тобы барды.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке Түркияға шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді, зардап шеккен Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек жіберуді тапсырды.

Сонымен қатар Қазақстан тұрғындары да, Түркиядағы Қазақстан азаматтары да зілзаладан зардап шеккендерге көмек көрсетуде белсенділік танытуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2009325-toqaev-ukimetke-turkiyaga-qosymsa-gumanitarlyq-komek-ziberudi-tapsyrdy/

pixel