Қазақстандық құтқарушылар жер сілкінісі болған Түркияға аттанды (фото)
Жарияланған күні:
Қазақстандық құтқарушылар жер сілкінісі болған Түркияға аттанды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram арнасында хабарлады.
"Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Алматыдан жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Түркияға аттанды. Тиісті тапсырманы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев берді", - делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, борт алдын ала мәлімет бойынша Газиантеп қаласына барады.
Жасақ құрамында Қазақстан ТЖМ құтқарушылары, кинологиялық есептер және Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері бар.
Еске сала кетсек, 6 ақпанға қараған түні Түркияның Газиантеп қаласының маңында магнитудасы 7,4 болатын күшті жер сілкінісі болды.
Жерасты дүмпулері тағы бірнеше провинцияда, сондай-ақ Сирия мен Ливанда сезілді. 2,8 мыңға жуық ғимарат қираған.
Табиғат апатынан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдап, үкіметке Түркияға жер сілкінісінің салдарын жоюға көмектесуді тапсырды.
Сонымен қатар 6 ақпан күні Түркияның орталық бөлігінде Астана уақытымен сағат 16:24-те 7,7 балдық жаңа жер сілкінісі тіркелді. Кейбір мәлімет бойынша жерасты дүмпулері елдің шығыс бөлігінде де сезілген.
Жер сілкінісі Түркия астанасы Анкарада да сезілді. БАҚ жерасты дүмпулерін көршілес Сирия мен Ливияда да сезілгенін хабарлады.
Соңғы ақпарат бойынша Түркияда зілзала салдарынан 2921 адам қайтыс болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2008326-qazaqstandyq-qutqarusylar-zer-silkinisi-bolgan-turkiyaga-attandy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.