Әнуар Жанғозин "Назарбаев Зияткерлік мектептерінің" басқарма төрағасы болып тағайындалды
Жарияланған күні:
Әнуар Жанғозин "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Бүгін "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ Қамқоршылық кеңесінің шешімімен басқарма төрағасы лауазымына тағайындалдым. Бұл ұйымда 15 жыл бұрын еңбек жолымды бастап, бірегей тәжірибе алу мүмкіндігіне ие болдым. Алған білімімді кейін түрлі мекемелерде қызмет атқару барысында қолдандым. Енді зияткерлік мектептерді одан әрі дамытуға бағытталған жұмысқа кірісіп отырмын", - деп жазды Әнуар Жанғозин.
Сондай-ақ Әнуар Жанғозин Қамқоршылық кеңес мүшелеріне және ұстазы Күляш Шәмшидиноваға сенім білдіргені үшін алғысын айтты.
Оқу-ағарту министрлігінің ресми сайтында келтірілген мәліметтерге сүйенсек, Әнуар Жанғозин 1986 жылы дүниеге келген. М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде "Математика" мамандығы бойынша және "Назарбаев университетінің" магистратурасында "Білім беруді басқару" мамандығы бойынша білім алған. Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.
2008-2011 жылдары "Назарбаев Зияткерлік мектептері" әдістемелік процесс департаментінің менеджері, директордың орынбасары болып жұмыс істеген. 2011 жылдан 2016 жылға дейін Астана қаласындағы "Назарбаев Зияткерлік мектебінде" математика пәнінің мұғалімі, мектеп директоры қызметін атқарған.
2017-2019 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының басшысы, 2022 жылдың қаңтарынан 2023 жылдың ақпан айына дейін "Болашақ" халықаралық бағдарламалар орталығының басқарма төрағасы болған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2011863-anuar-zangozin-nazarbaev-ziyatkerlik-mektepteri-dbbu-basqarma-toragasy-bolyp-tagaiyndaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.