Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сирия халқы жоғары бағалайды": Башар Асад Қазақстанға гуманитарлық көмек үшін алғыс айтты

Жарияланған күні:

Башар Әл-Асад
Башар Әл-Асад. Фото: JOSEPH EID/AFP via Getty Images

Cирия президенті Башар Әл-Асад жойқын зілзала кезіндегі гуманитарлық көмек үшін Қазақстанға алғыс айтты, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

Ақорданың хабарлауынша, мемлекет басшысының атына Сирия президентінен жеделхат келіп түскен.

Онда Башар Әл-Асад биыл ақпан айында болған жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Сирия халқына Қазақстанның көрсеткен гуманитарлық көмегі үшін алғыс айтқан.

"Қиын-қыстау шақта бізге қолдау білдіріп, адамгершілік және ізгілік танытқан Қазақстанның ұстанымын Сирия халқы жоғары бағалайды", – деп жазылған жеделхатта.

Айта кетейік, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік шығысында болған жойқын жер сілкінісінен Сирия да зардап шекті.

Кейін мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, мемлекеттік материалдық резервтен Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек жіберілді.

Соңғы деректер бойынша, Түркия мен Сирияда 6 ақпандағы зілзала салдарынан қаза тапқандар саны 50 мыңнан асқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2011877-ciriya-prezidenti-basar-al-asad-qazaqstanga-gumanitarlyq-komek-usin-algys-aitty/