jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 46 мыңға жуықтады

Түркиядағы жер сілкінісінен кейінгі іздестіру-құтқару жұмыстары
Түркияда жер сілкінісінен кейінгі іздестіру-құтқару жұмыстары. Фото: Burak Kara / Stringer via Getty images

Түркия билігі бір ай бұрын болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 46 мыңға жуықтағанын хабарлады.

Түркия Ішкі істер министрі Сулейман Сойлу TRT телеарнасының эфирінде қайғылы оқиға туралы айтты.

"Қаза тапқандар саны 45 968-ге дейін жетті. Оның 4 267-і Сирия азаматы", - деді министр.

Сондай-ақ Сойлу жойқын жер сілкінісі салдарынан 26 300 ғимарат қирағанын хабарлады. Оның бәрі тексеріліп, іздестіру-құтқару операциясы жүргізілген.

Еске салсақ, 6 ақпан күні Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7,5 болатын жойқын жер сілкінісі болды. Дәл осы күні магнитудасы 7,6 болатын тағы бір жер сілкінісі тіркелді.

Табиғи апат көршілес Сирияға да әсер етіп, онда да тұрғын үйлер қирап, мыңдаған адам үйінді астында қалды.

Айта кетсек, жойқын жер сілкінісінен кейін де Түркияда бірнеше рет жер асты дүмпуі тіркелген болатын.

Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 46 мыңға жуықтады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.