Қазақстан Сирияға гуманитарлық көмек жіберді (фото, видео)
Опубликовано:

Осы аптада болған жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Сирияға Қазақстаннан 50 тонна көлемінде гуманитарлық көмек жіберілді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми Telegram-арнасы.
Ведомствоның хабарлауынша, жойқын жер сілкіністерінен зардап шеккен Сирия Араб Республикасына мемлекеттік материалдық резервтен 50 тонна көлемінде гуманитарлық көмек жіберілген.
Гуманитарлық жүктердің құрамына консервілер, жылы киімдер, қысқы шатырлар, кереуеттер мен төсек-орын жабдықтары кіргендігі айтылған.
Бұған дейін мемлекет басшысы үкіметке Ислам ынтымақтастық ұйымы арқылы Сирияға гуманитарлық көмек жіберуді тапсырған болатын. Бүгін, 10 ақпан күні таңертең Қазақстан үкіметі Сирияға гуманитарлық көмек бөлетінін хабарлады.
Еске салайық, Қазақстан Түркияға, сондай-ақ жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарда іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатқан оның құтқарушылары мен дәрігерлеріне 1 миллион долларға көмек жіберген болатын.
- "6 ақпаннан бері байланысқа шықпады": құтқарушылар Түркияда тағы бір қазақстандық әйелді іздестіруде
- Түркияда қаза тапқан екі қазақстандықтың денесі елге қашан жеткізіледі
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2008954-qazaqstan-siriyaga-gumanitarlyq-komek-ziberdi-foto-video/