Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитінде қандай құжаттарға қол қойылды
Опубликовано:

Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитінің қорытындысы бойынша үш құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды Ақорданың ресми Telegram-арнасы.
Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитінің қорытындысы бойынша мынадай құжаттарға қол қойылды:
1. Түркі мемлекеттері ұйымы кезектен тыс саммитінің Анкара декларациясы
2. Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау механизмін құру туралы шешім;
3. Түркі инвестициялық қорын құру туралы келісім.
Еске салсақ, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитіне қатысу үшін Анкараға жұмыс сапарымен барғаны хабарланған болатын.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған "Кулие" резиденциясында қарсы алды. Екі ел басшысы Анкарада келіссөздер жүргізіп, "Орта дәліз" деп аталатын Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту жайын талқылады.
Ал Түркі мемлекеттері ұйымының "Апат және төтенше жағдайлар менеджменті, гуманитарлық көмек" атты кезектен тыс саммитінде мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар мекемелерінің бірлескен күшін жасақтауды ұсынды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2013217-turki-memleketteri-uiymynyn-kezekten-tys-sammitinde-qandai-quzattarga-qol-qoiyldy/