Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әзіл-қалжың да болды": аудармашы Тоқаев пен Ердоғанның не туралы әңгімелескенін айтты (видео)

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған. Фото: t.me/aqorda_resmi

Қазақстанның Түркиядағы бас консулы Анкараға ресми сапармен барған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның не туралы сөйлескенін айтып берді. Бұл туралы "Хабар 24" телеарнасы President арнайы жобасында жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

15-16 наурызда Қазақстан президенті Анкараға жұмыс сапарымен барған еді. Түркияда мемлекет басшысы Режеп Тайип Ердоғанмен кездесіп, Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитіне қатысты.

Тоқаевтың сапары туралы President арнайы жобасының авторы Әділ Балтабаевтың сөзінше, Тоқаев пен Ердоған саммитке бір көлікпен келген. Бұл журналистерді таңғалдырған, әдетте президенттер ресми іс-шараларға әрқайсы жеке көлікпен келетін.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған
Тоқаевтың Түркияға жұмыс сапарынан. Фото: akorda.kz

Сонымен қатар сапар барысында Ердоған Түркияның оңтүстік-шығысында болған жер сілкінісінен кейін Түркия басшысына телефон соққан алғашқы басшылардың бірі Қазақстан президенті екенін айтты. Екі президент арасындағы әңгіменің жай-жапсарын мемлекет басшыларына аудармашы болған Қазақстанның Түркиядағы бас консулы Әлім Байел айтты.

"Әзіл-қалжың, жылы атмосфера болды. Ал Түркия президенті Тоқаевтың Түркиядағы жағдай туралы хабардар екеніне, тіпті спорт, оның ішінде футбол туралы жақсы білетініне таңғалды. Біздің президенттердің кездесулері әрқашан өте жылы атмосферада өтеді. Әңгіме арасында әртүрлі әзіл, нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер жиі кездеседі. Кездесуде Режеп Тайип Ердоған біздің президентке шай немесе кофе ішуді ұсынғанда, президентіміз оған қазақ тілінде: "Қонақ қойдан жуас. Сіз не айтсаңыз, соны ішем" деп жауап берді", - деді Байел.

Тоқаевтың Анкараға сапары туралы мына жерден толығық білуге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2013544-azil-qalzyn-da-boldy-audarmasy-toqaev-pen-erdogannyn-ne-turaly-angimeleskenin-aitty-video/

pixel