Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаевтың Түркияға жұмыс сапары аяқталды (фото, видео)

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаевты Анкара әуежайында шығарып салуда
Қасым-Жомарт Тоқаевты Анкара әуежайында шығарып салуда. Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркия Республикасына жұмыс сапары аяқталды, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.

Қазақстан президентінің баспасөз қызметі желіде мемлекет басшысын Анкара әуежайында шығарып салу рәсімі қалай өткені туралы фото-видео жариялады.

Еске сала кетейік, мемлекет басшысы түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитіне қатысу үшін 15 наурызда Анкараға жұмыс сапарымен барған еді.

Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитіне қатысып, сөз сөйледі. Өз сөзінде президент Қазақстан жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен бауырлас Түркияға одан әрі қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.

Сондай-ақ мемлекет басшысы саммиттің "Апат және төтенше жағдайлар менеджменті, гуманитарлық көмек" деген тақырыпта өтуі бекер емес екенін атап өтті. Президенттің пікірінше, жер жүзінде табиғи және техногендік апаттар көбейіп жатыр. Бұл жағдай өте өзекті халықаралық мәселенің біріне айналды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, түркі елдері төтенше жағдай кезінде тиімді әрекет ете білуі керек, осы орайда президент табиғи апаттың алдын алу үшін түркі мемлекеттерін бірге күш жұмылдыруға шақырды. Бұл ретте президент ұйым аясында Төтенше жағдайлар мекемелерінің бірлескен күшін жасақтауды ұсынады.

Жалпы түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитінің қорытындысы бойынша үш құжатқа қол қойылды.

Сонымен қатар сапар барысында мемлекет басшысы Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесу өткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2013231-toqaevtyn-turkiya-respublikasyna-zumys-sapary-ayaqtaldy-foto-video/

pixel