Алтай Көлгінов вице-премьер-министр қызметінде қалды
Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Алтай Көлгінов премьер-министрдің орынбасары лауазымында қалды, деп хабарлайды Ақорданың ресми Telegram-арнасы.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды", – делінген ресми хабарламада.
Еске салайық, ,бүгін Көлгіновпен бірге Ғалымжан Қойшыбаев, Роман Скляр, Серік Жұманғарин және Ерұлан Жамаубаев премьер-министрлердің орынбасарлары қызметіне қайта тағайындалған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2015261-altai-kolginov-vice-premer-ministr-qyzmetinde-qaldy/