Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлдарына қатысты сот үкімі шыққан депутат Жигули Дайрабаевтың мандаты алына ма

Опубликовано:

Жигули Дайрабаев
Жигули Дайрабаев: Facebook / Жигули Дайрабаев

Жигули Дайрабаевтың ұлдарына қатысты қозғалған қылмыстық іс оның депутаттық мандатына әсер ете ме деген сұраққа "Ауыл" партиясы фракциясының мүшесі, депутат Анас Баққожаев жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Журналистер мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаевтың ұлдарына субсидиялау қағидаларын бұза отырып, сатып алынған құлпынай көшеттері үшін (оларды шаруа қожалықтарына рәсімдеп) мемлекеттік субсидиялар алғаны үшін сот үкімі шыққанын еске салды. Қаржының бір бөлігі алаяқтық жолмен жымқырылып, жеке қажеттіліктеріне жұмсалған, осылайша мемлекетке 550 849 430 теңге көлемінде залал келген.

Бұған қатысты журналистер депутат Дайрабаевтың ұлдарының осындай әрекеті үшін оның мандатын алып тастай ма деп сұрады.

"Жигули Дайрабаев ұлдарына шығарылған үкімге байланысты мандатынан бас тартпайды. Мен фракцияның атынан айтайын: біз оны ешнәрсеге кінәлай алмаймыз", - деп жауап берді Анас Баққожаев.

БАҚ өкілдері мұндай жағдайда оның депутат болып қалуы қаншалықты орынды екенін сұрады.

"Біріншіден, қылмыстық істе ол кісінің аты-жөні айтылмаған және қатыспаған. Екіншіден, Дайрабаевтың балалары кәмелетке толған, өз әрекеттеріне өздері жауап береді. Олар өмір бойы ауыл шаруашылығымен айналысқан және қауіп-қатерлерді де біледі. Ұлдары жауапкершілік алып, өздерін қорғауы керек", - деді Баққожаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2015901-uldaryna-qatysty-sot-ukimi-syqqan-deputat-ziguli-dairabaevtyn-mandaty-alyna-ma/

pixel