Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақордада Ильхам Әлиевті қарсы алу рәсімі қалай өтті (фото, видео)

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев және Ильхам Әлиев
Қасым-Жомарт Тоқаев және Ильхам Әлиев. Фото: t.me/aqorda_resmi

Ақорда резиденциясында Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиевті салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз қызметі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Ақорданың хабарлауынша, құрмет қарауылының бастығы екі мемлекеттің басшыларына рапорт беріп, сондай-ақ Қазақстан мен Әзербайжанның әнұрандары орындалған.

Еске сала кетейік, бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев ресми сапармен Қазақстанға келді.

Қазақстан президенті баспасөз қызметінің мәліметінше, екі ел басшылары шағын және кеңейтілген құрамда кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.

Келіссөздер барысында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудың негізгі мәселелері талқыланбақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2016176-aqordada-azerbaizan-prezidenti-ilxam-alievti-saltanatty-qarsy-alu-rasimi-otti-foto/

pixel