Әзербайжан президенті ресми сапармен Қазақстанға келді (фото)
Жарияланған күні:
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев ресми сапармен Қазақстанға келді, деп хабарлайды Telegram-дағы БОРТ N1 арнасы.
Ильхам Әлиевті елорда әуежайында еліміздің премьер-министрі Әлихан Смайылов қарсы алған.
Аздаған уақыттан соң ол мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу үшін Ақордаға барады, деп күтілуде.
Қазақстан президенті баспасөз қызметінің бұған дейін хабарлағанындай екі ел басшылары шағын және кеңейтілген құрамда кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.
Келіссөздер барысында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудың негізгі мәселелері талқыланбақ.
Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Әзербайжан президентінің Қазақстанға ресми сапармен келетіні хабарланған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2016160-azerbaizan-prezidenti-resmi-saparmen-qazaqstanga-keldi-foto/