Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таяуда Ильхам Әлиев ресми сапармен Қазақстанға келеді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев және Ильхам Әлиев
Қасым-Жомарт Тоқаев және Ильхам Әлиев. 2022 жылғы 24 тамыз. Баку. Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиев ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.

Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, Ильхам Әлиев елімізге ресми сапармен 2023 жылғы 10 сәуірде келеді.

Астанада екі ел басшылары шағын және кеңейтілген құрамда кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.

Келіссөздер барысында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудың негізгі мәселелері талқыланады деп күтілуде.

Еске сала кетейік, былтыр қазан айында Ильхам Әлиев Астанаға келген еді. Ол кезде Әзербайжан президенті Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне және ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысқан болатын.

Сондай-ақ Ильхам Әлиев Астанадағы сапары кезінде Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2015829-ilxam-aliev-resmi-saparmen-qazaqstanga-keledi/

pixel