Ақордада Эмомали Рахмонды салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті (фото)
Жарияланған күні:

3 мамырда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды Ақордада салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз қызметі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
"Ақорда" резиденциясында Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмонды салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.
Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді, сондай-ақ Қазақстан мен Тәжікстанның әнұрандары орындалды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 3 мамырда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Тәжікстан президентін Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі әуежайдан қарсы алған болатын.
Сапар аясында жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2019338-aqordada-emomali-raxmondy-saltanatty-turde-qarsy-alu-rasimi-otti-foto/