jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Ақордада Эмомали Рахмонды салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті (фото)

    "Ақорда" резиденциясында Эмомали Рахмонды қарсы алу рәсімі
    "Ақорда" резиденциясында Эмомали Рахмонды қарсы алу рәсімі. Фото: t.me/aqorda_resmi

    3 мамырда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды Ақордада салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз қызметі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

    "Ақорда" резиденциясында Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмонды салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.

    Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді, сондай-ақ Қазақстан мен Тәжікстанның әнұрандары орындалды", - делінген хабарламада.

    Айта кетейік, 3 мамырда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Тәжікстан президентін Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі әуежайдан қарсы алған болатын.

    Сапар аясында жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.