Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев монументке гүл шоғын қою рәсіміне қатысты (фото)

Опубликовано:

президент
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы "Отан Ана" монументіне гүл шоғын қойып, Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлеріміздің рухына тағзым етті, деп хабарлайды Ақорда.

Содан кейін президенттік оркестр Мемлекеттік әнұранды орындап, Құрмет қарауылы ротасы шараға қатысушылардың алдынан салтанатты түрде сап түзеп өтті.  

Шара соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ардагерлермен әңгімелесті.

Президент оларды Жеңіс күнімен құттықтап, барша отандасымызға зор денсаулық, амандық тіледі.

президент
Фото: Ақорда

Еске сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлы Отан соғысының екі ардагеріне "Халық қаһарманы" атағын бергенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2019775-toqaev-monumentke-gul-sogyn-qoyu-rasimine-qatysty-foto/

pixel